Еңбекқорлар

24.03.2019

Наурыз мерекесі күні бүкіл ел демалуда, ал үстел теннисінің әуесқойлары дәстүрлі Халықаралық турнирге қатысып, толық күшпен жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі (қыздар), 36 жасқа дейінгі және одан жоғары (әйелдер), 50-59 жасқа дейінгі (ерлер), 60-69 жасқа дейінгі (ерлер), 70 жасқа дейінгі және одан жоғары (ерлер) жас топтарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қыздар арасында тоғыз ойында тоғыз рет жеңіске жеткен астаналық жетінші сынып оқушысы Мәлика Сандыбаева ерекше көзге түсті. Мәлика өзінің жас шамасына қарамастан тәжірибелі және атақты теннисші. Ол жеке разрядта 2005 ж.т қыздар арасындағы елдің вице-чемпионы, жұптық разрядта чемпион, «Алтын күз» Халықаралық турнирінің жеңімпазы.

Малика Сандыбаева: «Мен Павлодарда бірінші рет және «Наурыз» турнирінде алғаш рет болдым. Мереке күндері осындай тамаша жарыстар өтетіні өте жақсы. Өз рахатыммен ойнадым, қыздармен сөйлесіп, қала бойынша серуендедім. Келесі жылы Павлодарға «Наурыз» мерекесіне міндетті түрде келемін.

Екінші орынды Кәмила Ташева (Екібастұз), үшінші орынды Нарғыз Қасымова (Павлодар облысы) иеленді.

Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 50 шақырым жерде Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан Ақсу қаласының спортшылары әйелдер арасындағы жеңіс тұғырын түгелдей иеленді. Наталья Орлова турнирге тек төртінші рет ғана келуіне қарамастан бірден алтын жүлдеге, сондай-ақ ақшалай сыйлыққа ие болды. Ол команда бойынша құрбылары Алма Біләлованы, Әсем Байділдинованы жеңді, олар болса екінші және үшінші орынға ие болды.

Ерлер 50-59 жас.

1 орын Марат Сарғалиев (Ақсу), 2 орын Валерий Зайков (Ресей), 3 орын Мейрам Майлыбаев (Қарағанды).

Ерлер 60-69 жас.

1 орын Есен Қожамқұлов( Қарағанды), 2 орын Базарбек Абраев (Павлодар), 3 орын Хайролла Қоғабаев (Қарағанды).

Ерлер 70 жас және одан жоғары.

1 орын Леонид Малинин (Павлодар), 2 орын Қуаныш Мұқашев (Екібастұз), 3 орын Василий Божко (Ресей).

«Наурыз» турнирі ертең аяқталады.


Чемпион Мәлика Сандыбаева



Александр Герасименко «Наурыз» турнирының финалына шықты


Талап Қойбағаров