Еңбек сіңірген куәліктер

13.04.2022

Дохада (Катар) өткен үстел теннисінен 2021 жылғы XXV Азия чемпионатында еліміздің ұлттық құрамасының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, финалдық "сегіздікке" шықты және "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына ұсынылды. Міне, 2022 жылғы ұлттық чемпионаттың қорытынды күнінде Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Анастасия Лаврова, Ырысбек Артықметов, Әнел Бақыт "ҚР ХДСШ" куәліктерін салтанатты түрде алды. Құттықтаймыз! Команда көшбасшысы Кирилл Герасименко бұл атаққа 2017 жылы ие болды.

Талап Қойбағаров