Дунай жағасындағы жұлдызды құрам

18.02.2020

18 ақпанда Будапештте үстел теннисі бойынша кезекті әлемдік тур - Венгрияның ашық чемпионаты (ITTF World Tour) басталады. Қытайлық теннис добының сайыпқырандары жарысқа келмеді, бірақ оларсыз да Дунайдың жағасына жұлдызды құрам жиналды: Харимото Томокази (Жапония), Дмитрий Овчаров (Германия), Карлссон Кристиан (Швеция), Уго Кальдерано (Бразилия), Владимир Самсонов (Беларусь), Вон Чаньтхин (Гонконг), Ишикава Касуми (Жапония), Петрисса Солья (Германия), Елизабета Самара (Румыния), Ито Мима (Жапония). Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) өнер көрсетеді. Біздің жерлесімізге сәттілік!

Талап Қойбағаров