Дүниежүзілік үстел теннисі күні

06.04.2021

Құрметті үстел теннисінің әуесқойлары, құрметті спорт жанкүйерлері!

Бүгін әлемдік спорт қауымдастығы біз үшін ерекше мәнге ие халықаралық спорт күнін атап өтуде, өйткені 2015 жылдан бастап бұл күн Дүниежүзілік үстел теннисі күні ретінде аталып келеді. ITTF Халықаралық үстел теннисі Федерациясының қолдауымен өткізілетін бұл мереке, бүкіл әлем бойынша үстел теннисі туралы ақпаратты таратуға, дәл осы спорт түрі барлығына және әркімге қол жетімді екенін көрсетуге арналған.

Біздің жұмысымызды бағалай отырып, өмірдің барлық салаларына әсер еткен жаһандық пандемияға қарамастан, біз материалдық-техникалық базаны, балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты нығайта алдық.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қарағандыдағы бірегей заманауи үстел теннисі орталығын ашуы негізгі оқиға болды, онда осы жылдың 15-19 қыркүйек аралығында Халықаралық үстел теннисі Федерациясының бастамасымен "ITTF Kazakhstan Open" Халықаралық рейтингтік турнирі өтеді.

2021 жылы әкімдіктердің қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматы, Павлодар, Тараз және Ақтөбе қалаларында осындай орталықтардың құрылысы басталды, жақын арада Өскемен, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да құрылыс басталады.

Біздің Федерацияның ҚР Мәдениет және спорт Министрлігімен, Ұлттық Олимпиада комитетімен, өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, сондай-ақ облыстық Федерациялармен бірлескен қызметі өз жұмысында оң нәтижелер беруде - болашағы зор жас спортшылар пайда болуда, БЖСМ-де үстел теннисі бөлімшелерінің саны ұлғаюда, арнайы залдар ашылуда, бүкіл ел бойынша үстел теннисін сүйетіндердің саны көбеюде. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

Баршаңызды осы керемет Дүниежүзілік үстел теннисі күнімен құттықтаймын! Үстел теннисінің үлкен отбасына денсаулық, амандық пен бақыт, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды тілеймін!

Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин