Дмитрий Левенко: "Тек жаттығудан гөрі - жиын көп пайда әкеледі"

07.06.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисінің орталығында жақында аяқталған Орталық Азия іріктеу турниріне қатысушылардың оқу-жаттығу жиыны өтуде. Оқу-жаттығу жиынының жетекшісі, Қазақстан құрамасының жаттықтырушы - кеңесшісі Дмитрий Левенко әңгімелейді:

"Мен Орталық Азия теннисшілерімен осындай жиын өткіздім, бірақ "Hopes" желісі бойынша кішкентай балалармен ғана. Мұнда бізде жасөспірім ұлдар мен бойжеткен қыздар және жұмыс істеу оңай емес, өйткені қатысушылардың дайындық деңгейі мүлдем басқа. Қазақстан мен Иран әлдеқайда күшті, Өзбекстан сәл артта, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан әлсіздеу. Маған еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко көмектесуде және алға қойылған міндетті орындап жатырмыз. ОЖЖ - ның негізгі мақсаты - жаттықтырушылар мен теннисшілер үйде жұмыс істей алатын негізгі ақпаратты мүмкіндігінше беру. Әрине, қысқа уақыт ішінде біз ешкімге күрделі нәрселерді үйрете алмаймыз, бірақ біз күнделікті жаттығуларда не істеу керектігін түсіндіреміз, тырысамыз, түзетеміз. ОЖЖ-да пайдалы нәрселер көп: әр түрлі аймақтардан келген спортшылар жиналды, бұл жаңа толқын, жаңа спаррингтер, түрлі ойын жағдайлары. Тек жаттығудан гөрі - жиын көп пайда әкеледі".


Талап Қойбағаров