Дмитрий Левенко: "Біз көп тәжірибелі және тиімді жұмыс жасадық"

12.06.2022

"ADD" үстел теннисі Орталығында (Алматы қ.) жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Орталық Азия іріктеу турниріне қатысушылардың оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) аяқталды. ОЖЖ жетекшісі, Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) әңгімелейді:

"Қатысушылар өте көп және олардың деңгейі әртүрлі - бұл қиын болды, бірақ біз тапсырманы орындадық. Кейбір спортшылар дене жүктемелеріне дайын, ал басқалары жоқ, сондықтан кейде үзілістер жасадық, өйткені олар қатты шаршады. Жалпы, барлығы көп ақпарат алды, жақсы жаттықты және оқу-жаттығу жиындарын кәсіби деңгейде өткіздік. Ұлдар арасында Орталық-Азиялық іріктеу турнирін жеңіп алған ирандықтарға келетін болсақ, олар доп беру элементінде бізден мықтырақ болды. Мен жаттықтырушыларды доп беру элементтеріне жеке жаттығулар қажет екеніне сендіруім керек. Бізбен және ирандықтардың айырмашылығымыз тек осы ғана. Біз күнделікті 6 сағаттық жаттығуларға әлдеқашан үйренгенбіз, бірақ ирандықтар мұндай жүктемелерге үйренбеген. Бірақ Иран ұлдар құрамасының көшбасшылары (бірінші және екінші нөмірлер) Еуропада тұрады, жаттығады, спаррингтер күшті өтеді, турнирлерде көп ойнайды және бұл доп беруді санамағанда, олардың артықшылығы. ОЖЖ - да біздің спортшылар әртүрлі ойын мәнеріндегі қарсыластармен жарысты. Көп тәжірибелі және тиімді жұмыс жасадық".

Талап Қойбағаров