Әдемі, ең бастысы маңызды жеңіс

30.11.2020

Үстел теннисінің неміс Бундеслигасында кезекті тур өтті. Бременнің "Werder" клубы құрамында қазақстандық Кирилл Герасименкомен бірге "ТТС Neu-Ulm" (Ной-Ульм қаласы) клубын қабылдады, ол турнир кестесінде екінші орында тұр және оның құрамында мынандай жарқын, атақты спортшылар бар: Эммануэль Лебессон (Франция)-жеке разрядтағы Еуропа чемпионы, Тьягу Аполония (Португалия)-командалық есептегі Еуропа және Еуропалық ойындардың чемпионы, Хао Шугай (Қытай)-жұптық және аралас разрядтардағы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері (2009, 2011, 2013 ж.ж.), Владимир Сидоренко (Ресей)-кадеттер арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы, командадағы Ресей чемпионы.

"Werder" клубы ойынға өзінің көшбасшысы Маттиас Фальксыз (Швеция) шықты, ол Макаода қалып, онда World Table Tennis атты жаңа ұйымның турнирінде өнер көрсетті және үшінші орынға ие болды. "ТТС Neu-Ulm" клубының бас жаттықтырушысы ресейлік Дмитрий Мазунов Бремен музыканттарының отанына өз теннисшілерінің барлық жұлдызды құрамын әкелмеді, сөйтіп ештеңкесіз қайтты. Біздің Кирилл екі кездесуде жеңіске жетті, жалпы есеп 3:1 "Werder" клубының пайдасына.

Талап Қойбағаров