Чемпионаттың қола жұптары

17.01.2021

Сенбі күні үстел теннисінен жұптық және аралас разрядтағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды. Ерлер арасында үшінші орын үшін Бекұлан Жамал - Ырысбек Артұқметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал) марапатталады. Жартылай финалда кіші ракетканың Оралдық шеберлері, командалық есептегі ел чемпиондары күтпеген жерден 2:3 есебімен Марат Сұртұбаевқа (Қарағанды, 48 жас) - Самат Бейсеновке (Алматы, 33 жас) ұтылып қалды. Дастан 3-сыныпта, ал Айдос бірінші сыныпта оқып жүрген кезінде Марат Сұртұбаев Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған болатын. Ия, біздің спорт түрінде ұзақ уақыт бойы жақсы физикалық күйде қала беруге болады екен.

Әйелдер жұбында үшінші орынды Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды) иеленді. Өткен жылғы Қазақстан чемпиондарын Зәуреш пен Сарвинозды 2020 жылдың финалистері Ангелина Романовская (Павлодар облысы) - Әнел Бақыт (Шымкент) жеңіп кетті.

Ангелина Романовская: "Бесінші шешуші партияда біз 6:1, 10:6 есебімен алдыда жүрдік, бірақ бірнеше қателіктерге жол беріп, есеп 10:9 болды. Жүйкелеріміз шегіне жетті, кернеу өсті. Біздің қарсыластарымыз қателік жіберді, біз 11:9 есебімен жеңіп, финалға шықтық".

Аралас разряд. Мұнда "3" санымен құрмет тұғырына Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды) көтеріледі.

17 қаңтарда ақтық матчтар "Saryarka" үстел теннисі орталығында (Қарағанды) өтеді.


Талап Қойбағаров