Чемпион чемпионша ойнады

08.02.2021

Неміс Бундеслигасындағы үстел теннисінен кезекті туры жексенбі күні өтті. Германияның қазіргі чемпионы «Saarbrücken» (Саарбрюккен қаласы) Бременде құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсететін «Werder» клубымен ойнады. Осы маусымда қарсыластар 62 күн бұрын кездескен болатын, ол кезде «Saarbrücken-TT» спортшылары мықты болды (суретте) 3:2. Бұл жолы чемпион 3:0 есебімен жеңіске жетіп, одан да сенімді көрінді.

Маттиас Фальк («Werder») - Патрик Франциска («Saarbrücken») 2:3;

Кирилл Герасименко («Werder») - Дарко Йоргич («Saarbrücken») 0:3;

Марсело Агирре («Werder») - Шан Кун («Saarbrücken») 2:3.

«Saarbrücken» екінші орында, «Werder» 9-орын.

Талап Қойбағаров