Чемпион

28.11.2022

Вила-Нова-ди-Гая қаласында, бұл Португалия портвейні шығатын өндіріс орталығы, "WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia" үстел теннисінен өкілдік халықаралық турнирі өтті. Кезекті рет алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) барлық қазақстандық жанкүйерлерді өз өнерімен қуантты. Құрмет тұғырына жету жолында ол Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Натан Артур Пиларды (Франция) 3:0, Вассим Ессиді (Тунис) 3:2, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:2, Адитья Саринді (Австралия) 3:2 есептерімен жеңді. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров