Болашаққа нық сенім

08.04.2021

Қостанай қаласында "Олимпиадалық резервті даярлау орталығында" үстел теннисі бөлімі ашылды, онда аға жаттықтырушы болып Ғайып Данияров тағайындалды (суретте) - ол облыс тарихындағы ең атақты теннисші, спорт шебері, екі әлем чемпионатының қатысушысы, республикалық спартакиаданың чемпионы, жұптық разрядтағы елдің бес дүркін чемпионы.

Қазақстанның солтүстік-батысы республиканың теннис аймағы болып саналады: командалық чемпионатта "Шолақ-Терек" пен "Қостанай" командалары сәтті өнер көрсетуде. Данияр Ескендіров, Қанат Қоңқұбаев ХХІІІ Сурдлимпиада Ойындарының қола жүлдегерлері, Алина Борисюк - 2020ж., 2021ж. аралас разрядтағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Болашағы зор спортшылар өсіп келеді.

Талап Қойбағаров