Болашақ жеңістердің негізі - заманауи спорт ғимараты

06.08.2022

Қызылордада кәсіпкер, біздің спорт түрінің үлкен жанкүйері Серікбек Алжанов үстел теннисі залын салып берді, зал қаланың қақ ортасында Қожа Ахмет Яссауи атындағы көшеде орналасқан. Төрт қабатты ғимараттағы бірінші және екінші қабаттар - бұл ойын залдары, олардың әрқайсысында 6 кәсіби үстел бар, барлығы 12. Жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер дайын, сонымен қатар жаттығу құрылғылары бар залы да жоспарланған. Жаңа кешенде БЖСМ-нің жас теннисшілері, ардагерлер және үстел теннисін жақсы көретіндер жаттығады. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

Талап Қойбағаров