Бұл жолы қалай болады?

03.01.2022

Келген 2022 жылдың қаңтарында үстел теннисінің қазақстандық шеберлерін екі жауапты жарыс күтуде: еліміздің ұлттық құрамасына іріктеу турнирі (13-16 қаңтар, Қарағанды қ.) және Павлодардағы жеке-командалық республика чемпионаты (31 қаңтар - 6 ақпан). Қысқаша түсініктеме: Қарағандыда 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 12 үздік спортшы ойнайды және оларға біліктілік раундының тағы төрт жеңімпазы қосылады. Өткен жылы іріктеу турнирін Айдос Кенжеғұлов (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) жеңіп алған болатын. Бұл жолы қалай болады?

"Jenimpaz" жаңа павлодарлық үстел теннисі орталығы өз алаңында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, барлық облыстардан келген ҚР жеке-командалық чемпионатының қатысушыларын қабылдайды. Жарыс басталмас бұрын жеке есептегі 2021 жылғы чемпиондар атағын Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) иеленді. Олар өз атақтарын сақтап қалама?

Суретте жеке есептегі Қазақстанның 2021 чемпиондары Сарвиноз Мирқадірова мен Алан Құрманғалиев.

Талап Қойбағаров