Бүкіл облыс үшін пайдасымен

18.02.2021

Әділет департаментінде Қостанай облысының үстел теннисі Федерациясы тіркелді, онда біздің спорт түрімізді халық арасында танымал ету, материалдық-техникалық базаны құру, білікті жаттықтырушы кадрларды тарту, теннисшілерді сапалы жаттығу жағдайларымен қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Осы және басқа да мәселелерді шешуде Федерация Дене шынықтыру және спорт басқармасымен тығыз байланыста болады. Қазақстанның солтүстік-батысында үстел теннисі өте танымал, оны үлкенде, кішіде ойнайды, ал жергілікті шеберлер кез-келген дәрежедегі жарыстарда аймақты лайықты түрде көрсетеді. 2002 жылдан бастап еліміздің ашық чемпионатында "Қостанай" клубы өнер көрсетуде және осы уақыт ішінде екі рет Суперлиганы және үш рет Жоғары лиганы жеңіп алды. 2003, 2015 ж.ж Жоғары лига чемпионы, 2017, 2018 және 2019 ж.ж Суперлиганың қола жүлдегері атанған "Шолақ-Терек" (облыстың Қостанай ауданы) клубына 19 жыл.

Облыс тарихындағы ең атақты теннисші, спорт шебері Ғайып Данияров - ол екі әлем чемпионатына қатысушы, Республикалық оқушылар арасындағы Спартакиаданың жеке есептегі екі дүркін чемпионы, жұптық разрядтағы Қазақстанның бес дүркін чемпионы, аралас разрядтағы ел чемпионы, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Спартакиадасының жеке есептегі чемпионы, Қостанай облысының аға жаттықтырушысы.

Данияр Ескендіров және Қанат Қоңқұбаев - ХХІІІ Сурдлимпиадалық ойындардың қола жүлдегерлері, Алина Борисюк - 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2021 жылы аралас разрядта қола жүлдегер, Дана Шокобалинова - 2006 ж.т және одан кіші қыздар арасындағы ел чемпионатында жеке есептегі үшінші орын.

Жолдарыңыз болсын, Қостанай облысының үстел теннисі Федерациясы!


Қостанай облысы тарихындағы ең атақты теннисші Ғайып Данияров


Ел чемпионатының қола жүлдегері Дана Шокобалинова мен оның жаттықтырушысы Лиля Магалеева (облыстық жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы)


Данияр Ескендіров


Солдан оңға қарай: Қанат Қоңқұбаев, Абылай Бүркітбай, Данияр Ескендіров, Артем Сипачев


Алина Борисюк - 2020, 2021ж.ж аралас разрядтағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері


Әйелдер құрамасы


Талап Қойбағаров