Бірінші талпыныстан алтын

23.06.2019

Ақтауда ардагерлер арасында үстел теннисінен Қазақстанның Ашық жеке чемпионаты аяқталды. Ресей, Өзбекстан, Алматы, Шымкент және 11 өңірден 95 спортшы қатысты. 2004 жылғы Қазақстанның абсолюттік чемпионы, жеке есепте елдің үш дүркін чемпионы, жұптық және аралас разрядтардағы бірнеше дүркін чемпионы, Тегерандағы Дүниежүзілік Ислам Ойындарының күміс және қола жүлдегері, төрт әлем чемпионаттарының қатысушысы - Ақтөбе қаласының атақты теннисшісі Руслан Тұрғамбаев (суретте) алғаш рет чемпионатта өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Ақтау қаласында Руслан 40-49 жас аралығында және абсолюттік біріншілікте (барлығы жас аралығына қарамастан қатыса береді) айқын жеңіске жеткені үшін екі алтын медаль алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Әйелдер 35 жас және одан жоғары.

1 орын Зоя Ананьевич (Алматы), 2 орын Ирина Кузьмина (Алматы облысы), 3 орын Людмила Сохрякова (Қарағанды облысы).

Ерлер 40-49 жас.

1 орын Руслан Тұрғамбаев (Ақтөбе), 2 орын Бақтыбек Жақсылықов (Маңғыстау облысы), 3 орын Жандос Құрсабаев (Алматы облысы).

Ерлер 50-59 жас.

1 орын Олег Боломожнов (Орынбор, РФ), 2 орын Нұржан Қапышев (Ақмола облысы), 3 орын Күбеген Саламатов (Ақтөбе).

Ерлер 60-64 жас.

1 орын Есен Қожамқұлов (Қарағанды облысы), 2 орын Қайрулла Қоғабаев (Қарағанды облысы), 3 орын Раян Ғарифуллин (Қостанай облысы).

Ерлер 65-69 жас.

1 орын Мақатай Рамазанұлы (Маңғыстау облысы), 2 орын Нариман Айтуар (Атырау облысы), 3 орын Еркін Исабеков (Маңғыстау облысы).

Ерлер 70 жас және одан жоғары.

1 орын Совет Байтуманов (Алматы), 2 орын Әшірәли Бедебаев (Шымкент), Мәлік Қадыров (Шымкент).

Абсолюттік біріншілік (жас аралығы шектелмей барлығы қатысады).

1 орын Руслан Тұрғамбаев (Ақтөбе), 2 орын Олег Боломожнов (Орынбор, РФ), 3 орын Жандос Құрсабаев (Алматы облысы).


Талап Қойбағаров

Руслан Мұрзағалиев (сурет)