Бірінші кезеңде Айдос пен Анастасия жеңіске жетті

09.01.2021

"Saryarka" үстел теннисі орталығында (Қарағанды қ.) Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі жалғасуда. Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы бірінші кезеңнің үздік үштігі анықталды. 7 ойынның 6-да жеңіске жеткен, Оралдық Айдос Кенжеғұлов көшбасшы атанды. Екінші орынды Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), үшінші орынды Эрик Райтер (Қарағанды), төртінші орынды Ескендір Харки (Жамбыл облысы), бесінші орынды Ырысбек Артұқметов (Шымкент) иеленді және "үздік алтылықты" Алан Құрманғалиев (Қарағанды) жапты.

Әйелдер арасындағы орындар келесідей бөлінді: 1 - Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), 2 - Зәуреш Ақашева (Қарағанды), 3 - Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), 4 - Айя Әлімбаева (Алматы), 5 - Әнел Бақыт (Шымкент), 6-Ангелина Романовская (Павлодар облысы).

10 қаңтарда 16 спортшы ұлдар мен 16 спортшы қыздар олимпиадалық жүйе бойынша барлық орындарды ұтысқа салады және екі кезеңнің қорытындысы бойынша іріктеу турнирінің чемпионы мен жүлдегерлері белгілі болады.


Талап Қойбағаров