Бір орында тұрақтап қалмаймыз

17.03.2019

Магнитогорск және Мәскеуде Суперлиганың әйелдер командалары арасындағы Ресей үстел теннисі Федерациясының құрлықтық чемпионатының үшінші, соңғысынан бұрынғы туры аяқталды. TTC «Astana» қара металлургияның әлемдік ірі орталықтарының бірінде өнер көрсетіп, келесі нәтижелерді көрсетті: «ОТМК-Резерв» (Свердлов облысы Верхняя Пышма) 3:2, УОР (Қазан) 3:0, «Терехино» (Новокузнецк) 3:2, есебімен жеңіп және КНТ «Тюмень» 1:3, «Факел» (Орынбор) 2:3, «ММК-Олимпия» (Магнитогорск) 1:3, «Казаночка» (Қазан) 2:3 есебімен жеңіліс тапты. 16 клубтың ішінде біздің теннисшілеріміз Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Құсейінова 14 жеңіс және 8 жеңіліс нәтижесімен 5-ші орынға ие болды. Алдыда КНТ «Тюмень» (21 жеңіс – 1 жеңіліс), «Казаночка» (20-2), «МФНТ-Кадет» (Мәскеу, 19-3) және «ММК-Олимпия» (Магнитогорск, 16-6). Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің пікірі: «Магнитогорскідегі ұтылған төрт матчтың екеуінде жеңіске жетуге болатын еді. «Факелмен» 2:0 есебімен алдыға шықтық, ұпайды Құсейінова мен Ақашева әкелді. Үшінші нөмірде Лаврова өнер көрсетті, есеп бойынша алдыда болды, TTC «Astana» жетістігін бекітуі керек еді, бірақ қарсыласына басымдылықты беріп қойды. Содан кейін Зәуреш қорғаушымен ойнады, соңғысына дейін күресті, бірақ бесінші сетте жеңіліс тапты. Жалпы есеп 2:2 болды. Гуля Құсейінова Ксения Валоваға қарсы шешуші ойынға шығып, оның шабуылына қарсы тұра алмады, 0:3. Біз 2:3 есебімен ұтылдық. Бұл матчты тағы да қайта қарап, талдап, жеңілістің себебін анықтаймыз.

Біздің қарсыласымыз «Казаночка» үшінші турда кадеттер арасындағы жеке есептегі Еуропа чемпионы Арина Слаутинаның қосылуымен күшейе түсті, ол нәтижесінде өзінің екі ұпайын беріп, Қазан теннисшілері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Құсейінова ресейлік Суперлигада жақсы өнер көрсетуде. Егер бірінші турда қарсыластар командаларының көшбасшыларына сөзсіз ұтылып, және тамаша ойындар сәтсіз аяқталған болса, ал үшінші турда сенім пайда болды, Ксения Дашкевичті (Новокузнецк) жеңіп, Кристина Гречишниковаға (Магнитогорск) және басқа да мықты спортшыларға қайратты қарсылық көрсеттік. Біз бір орында тұрмаймыз, өсіп жатырмыз және төртінші турда бұдан да сапалы ойын көрсетеміз және Суперлига маусымын сәтті аяқтаймыз».

Талап Қойбағаров