Бес қарсыласын істен шығарды

14.11.2022

Словакияның Сенец қаласында "WTT Youth Contender Senec 2022" үстел теннисінен халықаралық турнир өтуде. 19 жасқа дейінгі жас санатында 15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) сәтті өнер көрсетті, ол Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастроны (Мексика), Андре Бертельсмайерді (Германия) істен шығарып, қола медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Осы турнирде алматылық Санжар Жұбанов үш жеңіске жетіп, 1/8 финалға жетті.

Талап Қойбағаров