Бенедек Мартон Олах шақырады

29.11.2021

Жеке есептегі үстел теннисінен Финляндияның бес дүркін чемпионы, жұптық разрядтағы жеті дүркін чемпионы Бенедек Мартон Олах (суретте) шетелдік әріптестерін 1981 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Finland Open" дәстүрлі турниріне шақырады. Бір кездері мұнда чемпиондар, әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері, Олимпиада чемпиондары Ян-Уве Вальднер, Йорген Перссон, Лю Голян, Маттиас Фальк, Кристиан Зюсс жеңістерге жеткен болатын.

"Finland Open" 2-5 желтоқсан аралығында Лохья қаласында өтеді және 26 елдің спортшылары атақты финнің шақыруына үн қосты. Қазақстанның атынан Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Анель Бақыт, Темірлан Ким, Ангелина Романовская, Эрик Райтер, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Арай Әшкеева, Альбина Жақсылықова, Виктория Мочалкина өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров