Басқа халықтардың мәдениетін білу, қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу

02.06.2021

Ирина Винер-Усманова атындағы Мәскеу гимнастика сарайында Ресей өңірлерін, Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Өзбекстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеттерін таныстыратын 14 жастан 18 жасқа дейінгі 200 жас олимпиадашылардың үшінші Халықаралық форумы өтуде. Бейнебайланыс арқылы қонақтарға Халықаралық Олимпиада Комитетінің басшысы Томас Бах және Еуропалық олимпиада комитеттері президентінің міндетін атқарушы Нильс Нигаард өз сөздерін жолдады.

Білім беру блогының соңында жас олимпиадашылар спорттық және интерактивті алаңдармен жүріп өтті, ал допингке қарсы станцияда допинг-бақылау рәсімінің маңызды нюанстары туралы білді. Сарапшылардың тікелей эфирдегі сөз сөйлеулерін Словакия, Словения, Молдова, Грузия, Греция, Португалия, Сербия, Түрікменстан, Эстония, Литва және басқа елдердің спортшылары тамашалады. Қазақстанның атынан форумға Сарвиноз Мирқадірова (үстел теннисі), Айбек Насен (шорт-трек), Мария Гречаная (мәнерлеп сырғанау) және Иван Берча (садақ ату) қатысады.


Талап Қойбағаров