Бас жаттықтырушылар Токиода өтетін Олимпиада Ойындарына дайындық туралы баяндады

04.06.2019

Ұлттық командаларды Токио-2020 жазғы Олимпиада Ойындарына дайындау мәселесі Қазақстан ҰОК-нің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен кеңесінде талқыланды. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық командалардың жаттықтырушыларымен кеңес Қазақстан ҰОК президенті Тимур Кулибаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен өтті. Кездесуде үстел теннисі, жеңіл атлетика, каратэ, қазіргі бессайыс, гимнастика түрлері, байдарка мен каноэде есу, волейбол және садақ ату бойынша бас жаттықтырушылардың есептері тыңдалды. Барлық командалар үшін 2019/2020 маусымына арналған басты міндет Токио-2020 лицензияларының ең көп санын иелену болып табылады. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылардың есебінде жеңіл атлетика, жүзу және велоспорттан төрт лицензия бар. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада Ойындары Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадада 33 спорт түрі бойынша барлығы 339 марапат жиынтығы сарапқа салынады.

Данил Пак - ҚР Үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы

Эльмира Әлиева - Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы

Қазақстан Республикасы ҰОК сайты