Барлығы 23 қазанда нақтыланады

23.10.2022

Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының үшінші туры Павлодарда өтуде және жексенбіде турнир кестесі желтоқсан финалына дейінгі өзінің нақты көрінісін табады.

Суперлигада 23 қазанда ең мықтысын анықтау үшін бір-бірімен ойнайтын "Sarkan" (Талдықорған), "Қарағанды" ҮТК, "Sigma" (Шымкент) клубтары жеңіліссіз келе жатыр. Клуб көшбасшылары Денис Жолудев ("Sarkan"), Алан Құрманғалиев ("Қарағанды" ҮТК), Ырысбек Артықметов ("Sigma") қазір өте жақсы спорттық күйде және біз бәріміз қызықты матчтарды күтудеміз.

I-лигада турнир кестесін алматылық "AlgaExpress" клубы басқаруда. Он бір ұпаймен екіншіден төртінші орындарға дейін "Andijan" (Өзбекстан), "Pro l00" (Алматы), "Қарағанды-2" ҮТК иеленуде.


Талап Қойбағаров