Барлық матчтар тартысты күресте өтуде

06.11.2022

"AQTOBE" үстел теннисінің орталығында жүлде қоры 5 600 000 теңгені құрайтын "AQTOBE CUP" республикалық турнирі аяқталуда. Тамаша зал, достық атмосфера Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшыларының жоғары деңгейдегі теннисті көрсетуіне оң әсерін тигізді. 5 қарашада тартысты жекпе-жектен кейін ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар, жүлдегерлер анықталды.

Финал, ерлер:

Денис Жолудев (Өскемен) - Иван Никулин (Санкт-Петербург) 3:2.

3 орын үшін матч:

Ескендір Харки (Масаншы) - Евгений Груздов (Санкт-Петербург) 3:0.

Финал, әйелдер:

Валентина Оспанова (Алматы) - Валерия Кудинова (Мәскеу) 3:2.

Үшінші орын үшін матч:

Аружан Ілияс (Орал) – Гүлноза Камилжанова (Шымкент) 3:1.

Жексенбіде ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық разрядта, сондай-ақ 2010 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында жеке жарыстарда медальдар, ақшалай сыйлықтар ойналады.

Финалда ұлдар арасында ойнайтындар:

Нәби Кисан (Ақтөбе) – Йигитәли Сұлтанмұратов (Шымкент).

3 орын үшін күресетіндер:

Расұл Кисан (Ақтөбе) – Асылхан Мағзұмбеков (Қарағанды).

Финалда қыздар арасында өнер көрсететіндер:

Мария Лукьянова (Қарағанды) - Маржан Амангелді (Ақтау).

3 орын үшін жекпе жек өткізетіндер:

Айя Уәли (Ақтау) - Рианна Мұстафа (Ақтау).


Талап Қойбағаров