Барлық қарсыластар мықты

20.07.2022

Будапештте (Венгрия) осы ыстық күндерде, ол жақта плюс 36, WTT Champions және Feeder сериясындағы үстел теннисінен турнирлер өтіп жатыр. Бірінші жарыста Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 3:2 есебімен Үнді командасының көшбасшысы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Сатиян Гнанасекаранды жеңіп, 1/8 финалға шықты, онда оның қарсыласы әлемнің 7-ші ракеткасы Дарко Йоргич (Словения) болады. Матч бүгін өтеді.

Алан Құрманғалиев WTT Feeder - де өнер көрсетеді. 1/32 финалда 15 жастағы қарағандылық әлемнің 70-ші ракеткасы Якуб Дыяспен (Польша) кездесіп, 1:4 есебімен ұтылды. Не айту керек? Жеңілістер кейде пайдалы болады - олар алға, жаңа шыңдарға жылжуға ынталандырады.

Талап Қойбағаров