Барған сайын жоғары және жоғары

03.08.2019

(ITTF) Халықаралық үстел теннис федерациясы өз сайтында ағымдағы жылдың 1 тамызына арналған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстандық Кирилл Герасименко осы күндері үнді лигасында Мумбаи қаласының "UMumba TT" клубы үшін табысты өнер көрсетіп, өз позициясын жақсартты және 45-орыннан 39-орынға көтерілді. Алда Қазақстан құрамасының көшбасшысында тағы да бірқатар жауапты старттар бар және ол ITTF турнирлік кестесі бойынша өз биіктігін жалғастыратынына сенеміз.

Талап Қойбағаров