Азия чемпионатына кім барады?

31.05.2022

2 және 3 маусымда Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Азияның жасөспірімдер чемпионатына Орталық Азияның іріктеу турнирі өтеді. Оған Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысады.

2 маусым:

09:00-19:00: командалық разрядтағы алдын ала ойындар;

3 маусым:

09:30-13:30: командалық разрядтағы жартылай финалдық және финалдық ойындар;

14:00-18:00: жеке есептегі алдын ала ойындар (ұлдар, қыздар);

18:00-19:30: жеке есептегі финалдық ойындар (ұлдар, қыздар).

"QSport" және "QSport International" телеарналарында тікелей көрсетілім.

Талап Қойбағаров