Қазақстандық спортшылардың лайықты өнер көрсетуі

14.01.2023

20-28 мамыр аралығында Дурбан қаласында (Оңтүстік Африка) үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік біріншілікте Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Катарда өткен Азия біліктілік турнирінің қорытындысы бойынша әлем чемпионатының финалдық бөлігіне ерлер арасындағы жұптық разрядта Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев жолдама алды. Айдос Кенжеғұлов және Зәуреш Ақашева аралас жұптық разрядта ел атынан қатысады. Герасименко жеке жарыстарға да қатысады.

Айта кету керек, 2018 жылы Хальмстад қаласында (Швеция) (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Директорлар Кеңесі әлем чемпионаттарын өткізудің жаңа тұжырымдамасын қабылдады, оған сәйкес спортшылар турнирге іріктеудің континенттік кезеңдерін еңсеруі керек. Бұл әлемдік біріншілік мәртебесін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, спортшылардың өздері үшін әлем чемпионатына қатысу міндеті күрделене түсті - әр жолдаманы біліктілік старттары барысында жеңіп алу қажет.

Қатаң іріктеуге қарамастан, Қазақстанның ұлттық құрама командасы Катарда бірнеше жолдаманы жеңіп алып, басты мақсаттарды жүзеге асыра алды. Бұл қазақстандық үстел теннисін дамытудың таңдалған векторының тиімділігі туралы тікелей айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Катарда қазақстандықтар Қытайдан, Жапониядан, Кореядан, Ираннан, Үндістаннан, Гонконгтан, Сингапурдан келген әлемнің ең мықты теннисшілерімен жарысып, бәсекелестікте лицензияларды жеңіп алды.

Кирилл Герасименко және Алан Құрманғалиев - Салех Мұхамед/Рашед Рашед (Бахрейн) 4:2, Нима Аламиян/Ношад Аламиян (Иран) 4:0 дуэттерін жеңді. Айдос Кенжеғұлов және Зәуреш Ақашева үнділік жұп Шарат Ачанта/Среа Акуладан 4:3-есебімен мықты болды. Жеке есепте Кирилл Герасименко Халид Альшарифті (Сауд Арабиясы), Кларенс Чжэ Юды (Сингапур) 4-1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Сонымен қатар, Азия іріктеуінің қорытындысы бойынша 2023 жылғы әлем чемпионатының болашақ қатысушыларының резервтік тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының келесі өкілдері кірді: Алан Құрманғалиев / Сарвиноз Мирқадірова (аралас жұп), Зәуреш Ақашева / Сарвиноз Мирқадірова (әйелдер жұбы), Анастасия Лаврова / Ангелина Романовская (әйелдер жұбы), Айдос Кенжеғұлов / Ескендір Харки (ерлер жұбы). Бұл теннисшілердің әлемдік біріншілікке қатысуға мүмкіндігі бар. Рейтинг бойынша Зәуреш Ақашева лицензия алуы мүмкін.

Барлығы 25 ер, 28 әйел, 13 ерлер жұбы, 12 әйелдер жұбы және 12 аралас жұптары Азия іріктеуінен әлемдік біріншілікке жолдама алды.

Орталық Азиядан келген басқа құрама командалар да жетістікке жетті. Әлемдік біріншілікке Ираннан келген екі ерлер жұбы Амин Ахмадиан/Әмір Хоссейн Ходайи және Ношад Аламиан/Нима Аламиан жолдама алды; Өзбекстан атынан шыққан әйелдер жұбы Розалина Хаджиева/Мархабо Мағдиева жолдама алды. Тағы үш ирандық спортшы Нима Аламиан, Әмір Хоссейн Ходайи және Амин Ахмадиан жеке есепте өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айында ҚР Үстел теннисі федерациясының басшысы Данияр Әбілғазин Орталық Азия бойынша Азия үстел теннисі Одағының (ATTU) вице-президенті болып сайланды.

Халықаралық федерация әлем чемпионатына қатысушылардың нақты тізімін 2023 жылдың 1 сәуірінде ұсынады.

Талап Қойбағаров