Қазақстанға тек қана жеңіс үшін!

13.07.2019

13 шілде күні Нұр-Сұлтанда дәстүрлі Үстел теннисі фестивалі басталады, онда Ресей мен Қазақстан спортшылары: кәсіпқойлар, әуесқойлар, ардагерлер, жігіттер, кадеттер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар номинациялары бойынша жарысатын болады. Бұл фестивальді Ресейдің танымал теннисшісі Михаил Пайков (суретте) - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері, 2016 жылғы жеке дәрежедегі Ресей чемпионы, 2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігінің жеңімпазы өзінің белсенді қатысумен сөзсіз көріктендіреді. Атақты Михаил Қазақстанға тек жеңіс үшін келеді.

Талап Қойбағаров