Қазақстан мен Мысырдың жанкүйерлері қуануда

09.12.2022

Тунисте "Cite Sportive De Rades" - те үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев/Хана Года (Қазақстан/Мысыр) - Такуми Танимото/Рин Менде (Жапония) кездескен аралас разрядтағы жартылай финалдық матч өтті. Ойын алдында мен жаттығу залына қарадым, күн шығыс елінен келген спортшылардың дайындығын бақыладым - жапондық дуэт маған шеберліктің жоғары деңгейімен қатты әсер етті.

Алайда Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева), Хана Года (жаттықтырушысы Исмаил Хишам) 3:2 есебімен қарсыластарын жеңіп, жеңіске деген құштарлықтарын көрсетті және әлем чемпионатының финалына алғаш рет шықты. Құттықтаймыз! Жартылай финалда Қазақстан-Мысыр дуэтінің нағыз көшбасшысы болған, күшті шабуыл жасаған, алға ұмтылған, серіктесін моральдық жағынан қолдаған біздің Аланды ерекше атап өткім келеді. "Финалдық ысқырықтан" кейін Хана Года Алан өзінің ойынымен жеңіске сенімділік бергенін айтты.

Финалда Алан/Хана - Тьяго Абиодана/Марии Берзосқа (Португалия/Испания) қарсы ойнайды. Басталуы 10 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00.45-те.

Суретте Алан Құрманғалиев, Эльмира Әлиева, Исмаил Хишам, Хана Года.

Тунистен Талап Қойбағаров