Қазақстан Кубогы Қарағандыға кетеді

30.10.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан Кубогы аяқталды, онда қарағандылықтар екі есе табысты ойындарын тойлады - олар ерлер мен әйелдер арасында бірінші орынға ие болды. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков финалда 3:0 есебімен шығыс қазақстандықтарды, өткен жылғы құрметті трофей иегерлерін жеңді. Үшінші орында 3:1есебімен Павлодар облысын жеңген Алматы құрамасы.

Қарағандылықтар Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Арай Әшкеева, Виктория Мочалкина шешуші ойында 3:0 есебімен Алматы құрамасын жеңіп, Қазақстан Кубогын сақтап қалды. Елордалық теннисшілер қола жүлдеге ие болды.

Ерлер.

1 орын Қарағанды облысы

2 орын Шығыс Қазақстан облысы

3 орын Алматы

4 орын Павлодар облысы

5 орын Шымкент

6 орын Абай облысы

7 орын Түркістан облысы

8 орын Астана.

Әйелдер.

1 орын Қарағанды облысы

2 орын Алматы

3 орын Астана

4 орын Түркістан облысы

5 орын Абай облысы

6 орын Шымкент

7 орын Маңғыстау облысы

8 орын Павлодар облысы.


Талап Қойбағаров