Қазақстан чемпионаты

10.07.2018

Ақтауда «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде ардагерлер арасындағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Облыс әкімі Ералы Тұғжанов дәстүрлі тілек сөздерінен кейін өз қолына ракетканы алып көрермендерге, ұйымдастырушыларға және жарысқа қатысушыларға мастер – класс көрсетті.

Чемпионатта республикамыздың 10 аймағынан келген 100 теннисші өз өнерлерін көрсететін болады және қазірдің өзінде алғашқы алтын, күміс, қола медаль иелері анықталды. 60-64 жас аралығы санатында Владислав Ким (Алматы облысы) чемпион атанды, ол өз қарсыластарын сенімді түрде өз тобында және турнирдің финалдық бөлігінде жеңді. Екінші орында Ілияс Қалмұрзиев (Атырау облысы), үшінші орында Яхья Тастеміров (Маңғыстау облысы).

65-69 жас аралығындағы кіші ракетка шеберлеріарасында алтын медальді Махатай Рамазанұлы (Маңғыстау облысы) жеңіп алды, күміс жүлдені Еркін Исабеков (Маңғыстау облысы) иеленді, қола жүлде Сәрсен Мыңбаевтың (Атырау облысы) қанжығасына байланды.

Әйелдер арасында финалға Зоя Ананьевич (Алматы), Надежда Сұлтанова (Батыс Қазақстан облысы), Алена Малышева (Алматы облысы), Ирина Кузьмина (Алматы облысы) шықты, және олар өз араларында медальдерді сарапқа салады. Сондай-ақ басқа жас санаттары бойыншаойыншылардың өзтоптарындағы ойындары аяқталды және өте жақын арада біз мықты деген Қазақстан ардагерлерінің есімдерін білетін боламыз.








Талап Қойбағаров, суретті түсірген Руслан Мырзағалиев