Қазанды аламыз!

08.04.2019

9 сәуірде Қазан қаласында Ресей үстел теннисі Федерациясының әйелдер командалары арасындағы Суперлига чемпионатының 4-ші турының ойындары басталады. Қазақстандық «Astana» (Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Гүлчехра Құсейінова, жаттықтырушысы Дмитрий Переверзев) келесі қарсыластармен сегіз матч өткізеді: «Нижегородка-1» (Нижний Новгород), «ЦОП-2» (Краснодар), «№12 БЖМОРСМ» (Самара), «Комета» (Санкт-Петербург), «Темп» (Ярославль), «Сенкер» (Чебоксары), «МФНТ-Кадет» (Мәскеу) және «Vermuts Miro Ganxets (Реус, Испания). «Astana» 16 ұжымының арасында әзірге 5-ші орында тұр.

Талап Қойбағаров