Айтарлықтай маңызды турнир

28.10.2022

Бүгін Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан Кубогы басталды. Астана, Алматы, Шымкент, ел облыстарының құрамалары кіші топтарда ойнады, жартылай финалға шығу үшін күресті. Ерлер арасында шығысқазақстандықтар мен қарағандылықтар жеңіліссіз келе жатыр. Алматы, Павлодар, Түркістан облыстары ½ финалына шығу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.

Әйелдер арасында Алматы, Астана, Қарағанды облыстары көшбасшы атанды. Қазақстан Кубогы қарқын алуда.


Талап Қойбағаров