Айдос Кенжеғұлов: «Енді барлық ойларым чемпионат туралы»

10.01.2021

"Saryarka" үстел теннисінің орталығында (Қарағанды) Қазақстанның кіші ракетка шеберлерінің 2021 жылғы алғашқы жарыстары аяқталды. Үздік 16 спортшы ұлдар мен 16 спортшы қыздар елдің ұлттық құрамасына кіру құқығы үшін күресті. Турнир екі кезеңнен тұрды және олардың нәтижелері бойынша құрмет тұғырына Айдос Кенжеғұлов (1 орын, Орал), Сағантай Құрмамбаев (2 орын, Шығыс Қазақстан облысы), Алан Құрманғалиев (3 орын, Қарағанды), Анастасия Лаврова (1 орын, Нұр-Сұлтан), Зәуреш Ақашева (2 орын, Қарағанды), Ангелина Романовская (3 орын, Павлодар облысы) көтерілді. Іріктеу турнирінің жеңімпаздары Айдос пен Анастасия өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

Айдос Кенжеғұлов: "Мен Оралда кішкентай залда жаттықтым, бірінші күні Қарағандының "Saryarka" кең және сәнді залына үйрендім. Жағдайлар өте жақсы жасалған, жеңіл ойнадым. Менің барлық қарсыластарым турнирге мұқият дайындалыпты, әр матч оңай болған жоқ. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын және алдағы Қазақстан чемпионатында жақсы өнер көрсетуге тырысамын".

Анастасия Лаврова: "Мен болжағанымдай, республиканың абсолютті чемпионы Зәуреш Ақашеваға қарсы тұру өте қиын болды. Оны 3:2 есебімен жеңген кезде, сенімділік пайда болды, екі кезеңде де бірінші орынға ие болдым. "Saryarka" үстел теннисі орталығы өте ұнады. Қазіргі барлық ойым ел чемпионаты туралы".

4, 5, 6 орындарды сәйкесінше Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Эрик Райтер (Қарағанды), Ырысбек Артұқметов (Шымкент), ал әйелдер арасында Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Әнел Бақыт (Шымкент) және Айя Әлімбаева (Алматы) иеленді.

Енді "Saryarka" орталығында 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталады. Жанкүйерлердің назарына, эпидемиологиялық жағдайдың қиындығына байланысты жарыстар көрермендерсіз өтеді.


Анастасия Лаврова (1 орын, Нұр-Сұлтан), Зәуреш Ақашева (2 орын, Қарағанды), Ангелина Романовская (3 орын, Павлодар облысы) көтерілді


Алан Құрманғалиев (3 орын, Қарағанды)


Талап Қойбағаров