Австрияда алтыншы

30.03.2022

Үстел теннисінен Австрия чемпионатында "Badener" (Баден) клубы өз алаңында "KSV" (Капфенберг) командасын 4:1 есебімен жеңіп, 6-орында аяқтады, ол Жоғары лигада өз орнын сақтап қалды. Жаттықтырушы Анди Мейкснер, ойыншылар Амирреза Аббаси (Иран), Айдос Кенжеғұлов (Қазақстан), Арья Амири (Иран), Марк Сагаве (Австрия), Ескендір Харки (Қазақстан), Бақдәулет Әкімәлидің (Қазақстан) қоржындарында 14 матч бар, оның ішінде 3 жеңіс, 5 тең ойын, 6 жеңіліс.

Талап Қойбағаров