Ауыспалы табыспен

21.03.2019

Маскатта (Оман Сұлтанаты) үстел теннисінен Challenge Plus сериясындағы Әлемдік Турға біліктілігі басталды, жүлде қоры 65 000 АҚШ доллары. Бірінші күні қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:

Анастасия Лаврова – Lim Eunice (Сингапур) 3:1,

Зәуреш Ақашева – Goi Rui Xuan (Сингапур) 3:0,

Денис Жолудев – Shao Feng Ethan (Сингапур) 3:0,

Тимур Келбұғанов – Salen Ahmed (Мысыр) 1:3,

Бекұлан Жамал – Desai Harmeet (Үндістан) 0:3,

Айдос Кенжеғұлов – Зохид Кенжаев (Өзбекстан) 1:3,

Гүлчехра Құсейінова – Tan En Hui (Сингапур) 2:3,

Гүлчехра Құсейінова – Яна Носкова (Ресей) 0:3.

21 жасқа дейінгі турнир: Айдос Кенжеғұлов мынандай спортшылардан жеңіліс тапты Kim Byunghyeon (Корея) және Pang Yew En Koen (Сингапур). Зәуреш Ақашева Karami Melika (Иран) жеңді және Alhodaby Mariam (Мысыр) жеңіліс тапты.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 22 наурызда плей-оффтың негізгі сетінде өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров

Суретте: Оманға барар жолда Қазақстан құрамасы словакиялық жаттықтырушы Матей Муха жетекшілік ететін «Аль-Шабаб» (Дубай) клубында жаттығу өткізді.