Аттестация сәтті өтті

19.01.2021

Өткен жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы жоспарлы түрде ел чемпионаттары, республикалық жарыстар кезінде жаттықтырушыларды аттестаттаудан өткізеді, бұл тиісті біліктілікті тану және растау рәсімі болып табылады.

Іс-шараның негізгі міндеттері:

- жаттықтырушылардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру ;

- тәлімгерлердің кәсіби өсуін мақсатты түрде арттыруды ынталандыру;

- жаттықтырушылардың жұмысында заманауи технологияларды қолдану.

Қарағандыда 17 қаңтарда аяқталған Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты да ерекшелік болған жоқ, онда алқалылық, жариялылық және ашықтық қағидаттарын негізге ала отырып, қызмет бойынша өз әріптестерін аттестаттауды республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Евгений Тимченко, Айман Оспанова жүргізді. Барлығы аттестациялау тапсырмаларын сәтті орындады.

Талап Қойбағаров