Қаңтар айы Қарағандыда "қызу" болады

03.01.2021

"Saryarka" үстел теннисі орталығы (Қарағанды қ.) 2021 жылдың екі жауапты іс-шарасына қатысушы - еліміздің кіші ракетка шеберлерін күтуде: Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу жарыстары (7-10 қаңтар) және жеке-командалық республика чемпионаты (11-17 қаңтар). CОVID-19-ға байланысты көп айлық үзілістен кейін Кеншілер астанасында барлық мықты спортшылар жиналып, жаңа теннис Орталығын сынап көреді. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименконың дәлелді себептермен болмауына байланысты құрмет тұғырындағы орындар үшін Айдос және Дастан Кенжеғұловтар (Орал), Денис Жолудев (Өскемен), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Тимур Келбұғанов (Алматы), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Владислав Захаров (Қарағанды), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ырысбек Артұқметов (Шымкент), Эрик Райтер (Қарағанды), Деас Мархабаев (Ақтөбе) күресетін болады. Әйелдер арасындағы көшбасшылардың барлығы қатарда және Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Гүлчехра Құсейінова (Орал), Әнел Бақыт (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Айя Әлімбаева (Алматы), Алина Борисюк (Қостанай) сияқты ойыншылардың қатысуымен қызықты матчтарды күтудеміз. Чемпионаттың командалық жарыстарында, жұптық және аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, облыс орталықтарының теннисшілері ойнайды. Қаңтар айы Қарағандыда "қызу" болады.

Талап Қойбағаров