Қарқынды үдетуге үлгере алмады

14.02.2019

Лиссабонда Challenge Plus сериясының бірінші турнирі - Халықаралық үстел теннисі Федерациясының жарыстар кезеңінің жаңа сериясы басталды, онда әлемнің 35 елінен 186 ер және 153 әйел қатысады. Португалия астанасына қытайлықтар Линь Гаоюань және Льянг Цзинькун, Владимир Самсонов (Беларус), Джонатан Грос (Дания), Квадри Аруна (Нигерия), Омар Ассар (Мысыр), Александр Шибаев (Ресей), әлемнің бесінші ракеткасы Лю Сивэнь (Қытай), жапондықтар Сато Хитоми, Саки Шибата, Като Мию, Хонока Хашимото және Хина Хаята, Сяона Шань (Германия), Георгина Пота (Венгрия), Элизабета Самара (Румыния), Яна Носкова (Ресей) және тағыда басқалары сияқты әлемге әйгілі спортшылар келді. Бүгін біліктіліктің бірінші күнінде біздің Гүлчехра Құсейінова (Орал) Қытайдың Тайбэйінің теннисшісі Хуан Ю Вэньмен кездесті, біздің теннисшіміз шайқаста 2:4 есебімен ұтылып қалды және турнирдің негізгі ойынына жолдама ала алмады.

Талап Қойбағаров