Қарсыластар белгілі

14.09.2019

Джокьякарта-Индонезияның мәдени астанасы бүгінгі күннен бастап 22 қыркүйекке дейін Азия үстел теннисінің орталығы болады, онда 275 спортшы құрлықтың XXIV чемпионатына қатысады. Командалық турнирдің жеребе тастау нәтижесі бойынша қазақстандықтар 15 қыркүйекте кездесетін қарсыластарын білді.

Ерлер, F тобы: Қазақстан, Өзбекстан, Ирак.

Әйелдер, Е тобы: Қазақстан, Өзбекстан, Бангладеш.

Сәттілік тілейміз, біздің ракетка шеберлерімізге!

Талап Қойбағаров