Аргентинаға билеттерді әлі сатып алмаймыз

14.02.2018

Чех қаласы Годонин үстел теннисінен Буэнос-Айресте (Аргентина, 6 – 18 қазан 2018 жыл) өтетін жастар арасындағы Олимпиадалық ойындарға қатысушыларды анықтау үшін біліктілік турнирін өткізді.Қазақстанның атынан Айдос Кенжеғұлов (Орал) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды) шыққан болатын. Екі күн бойы біздің спортшылар екі мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты, нәтижесінде әзірге Аргентинаға жолдамасыз қалып отырмыз. Келесі іріктеу турнирі 24 мен 25 наурызда Солтүстік Африкада туннистің Солиман қаласында өтеді.

Суретте: Буэнос-Айрестің мектептерінде жастар арасындағы олимпиадалық пиктограмма құрылуда.