Арал шығанағын тастап кетті

03.10.2019

Стокгольмде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропаның мықты ойыншыларының қатысуымен үстел теннисінен Әлемдік Тур өтуде. "Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ бас әріптесінің қолдауымен Швецияның ашық чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысты. Біліктілігі бойынша ол венгр Тамаша Лакатошты 4:1 жеңіп, хорватиялық Фране Кожичтен 0:4 (суретте) ұтылып, Арал шығанағынан кетіп қалды ("Стокгольм" атауы " Арал шығанағы" дегенді білдіреді).

Талап Қойбағаров