Қара металлургияның әлемдік орталығындағы чемпионат

11.11.2019

Магнитогорск-көлемі жағынан Челябинск облысындағы екінші қала және қара металлургияның ең ірі әлемдік орталықтарының бірі өз алаңында 2019/2020 ж. маусымының Ресей үстел теннисі федерациясының командалық чемпионатының қатысушыларын қабылдайды. Суперлиганың бірінші тобында "№12 ОРСМ" (Самара), "ОТМК-УОР" (Верхняя Пышма), "УОР" (Қазан), "СЕНКЕР" (Чебоксары), "ОТМК-РЕЗЕРВ" (Верхняя Пышма), "Факел-1" (Орынбор), "ММК-Олимпия" (Магнитогорск) және TTC " Astana " (Нұр-Сұлтан) командалары өнер көрсетеді. 12-14 қараша аралығында Қазақстанның клубы үшін Сарвиноз Мірқадірова, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, Алсу Сапарова ойнайды, жаттықтырушысы Евгений Тимченко. TTC "Astana" клубына сәттілік тілейік.


Талап Қойбағаров