Қапшық форматындағы чемпионат

13.01.2022

17-26 сәуір аралығында Чэнду қаласында (Қытай), Халықаралық үстел теннисі Федерациясы әлем чемпионатын өткізеді, онда 40 ерлер, 40 әйелдер құрамалары арасында қазақстандықтар да өнер көрсетеді. Соңғы рет командалық чемпионат 2018 жылы Швецияның Хальмстад қаласында өткен болатын.

Осы жарысты ұйымдастырушылар барлық спортшылардың кедергісіз келуін, олардың қауіпсіз қатысуын және үйге қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы іс-шаралардың кең жиынтығын жасады. Чемпионат қапшық форматындағы жабық циклдың қатаң бақылауында болады.

Талап Қойбағаров