Алтыншы орынды сақтап қалды

06.12.2021

Үстел теннисінен Австрия чемпионатының кезекті туры сенбі күні өтті. "Badener AC" (Баден) клубының ойыншылары қазақстандықтар Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, ирандық Амирреза Аббаси, австриялық Марк Сагаве Капфенберг қаласында жергілікті "KSV HiWay MEWO" командасымен ойнады. Кездесу барысында 0:2, 1:3 есептерімен ұтылып жатып, 2:3 есебімен артта қалушылықты қысқартты, алайда одан көбіне шеберлік, күш, сәттілік жетіспеді. Есеп 2:4 және "Badener AC" турнир кестесінде 6 орында тұр.

Дэвид Ворчник («KSV HiWay MEWO») - Ескендір Харки («Badener AC») 3:0
Саймон Пфеффер («KSV HiWay MEWO») - Амирреза Аббаси («Badener AC») 3:2
Кристоф Симонер («KSV HiWay MEWO») - Айдос Кенжеғұлов («Badener AC») 1:3
Саймон Пфеффер/ Кристоф Симонер («KSV HiWay MEWO») - Айдос Кенжеғұлов/ Амирреза Аббаси («Badener AC») 3:2
Дэвид Ворчник («KSV HiWay MEWO») - Амирреза Аббаси («Badener AC») 2:3
Саймон Пфеффер («KSV HiWay MEWO») - Марк Сагаве («Badener AC») 3:0.

Талап Қойбағаров