Алпыс төрт арасында сегізінші

16.09.2019

Верхняя Пышмада Орал тау-кен металлургиялық компаниясының 20 жылдығына арналған үстел теннисінен "UGMK-OPEN" халықаралық турнирі аяқталды. 64 ұл және 64 қыз чемпиондарды-жүлдегерлерді анықтау үшін 15 ойыннан өтті. Орынбордықтар Артур Файзулин, Карина Абдуллина алтын медаль мен 18 000 рубль көлеміндегі ақшалай сыйлықтарға ие болды. Күміс жүлде (қосымша 12 000 рубль) Евгений Васюков (Калуга) және Злата Терехова (Санкт-Петербург). Үшінші орында (10 000 рубль) Иван Виноградов (Мәскеу), Есения Широкова (Мәскеу облысы). Олардың жаттықтырушылары да осындай соманы алды.

Қазақстандықтар арасында Виктория Мочалкина (Қарағанды) турнирдің ақтық кезеңіне шығып, сегізінші орынға ие болды. Басқа спортшыларда келесі көрсеткіштер - Дарья Фу (36 орын, Қарағанды), Нұрислам Қасым (40, Шымкент), Дарья Гамова (42, Қарағанды), Нұржігіт Жалдыбай (42, Түркістан), Дінмұхаммед Қасенов (43, Нұр-Сұлтан), Полина Сиротина (45, Қарағанды), Рамазан Нәзір (49, Түркістан), Нұржан Нұрымбетов (54, Ақтөбе), Алиса Кошелева (57). Қазақстандық жаттықтырушылар Ержан Есімханов, Владислав Захаровтың пікірлерінше, "UGMK-OPEN " турнирі жоғары деңгейде өтті және біздің жас теннисшілер тамаша ойын тәжірибесін алды, қажетті жарыс тәжірибесін жинақтады.


Талап Қойбағаров