Алматыда жаңа Президент

07.04.2021

"Алматы үстел теннисі Федерациясы" конференциясында оның қатысушыларының бірауыздан шешімімен "Taur Tranding" ЖШС Бас директоры Анвар Кильдияров қоғамдық ұйымның президенті болып сайланды: "Оңтүстік астанада үстел теннисін одан әрі дамыту бойынша жұмыс жүргізу, атап айтқанда, балалармен жұмыс істеу үшін жас жаттықтырушыларды жұмысқа алу, тәлімгерлер мен спорт төрешілерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізу, құрал-саймандар мен киім-кешектер сатып алу, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, жарыстарға жәрдем көрсету міндеті тұр".

Талап Қойбағаров