"Alga Express" (Алматы) және "Andijan" (Өзбекстан) Суперлигаға көшуде!

18.12.2022

Елордалық "ADD TABLE TENNIS CENTER ASTANA" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан Қазақстанның ашық командалық чемпионатында соңғының алдындағы күні аяқталды. Суперлигада турнир кестесіндегі позициялар келесідей:

1-2 орынды "Sarkan" (Жетісу облысы) және "Қарағанды" ҮТК бөлісуде. Үшінші орында "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы). Бұдан кейін "Sigma" (Шымкент), "Хван Ман-Гым" СК (Өзбекстан), Павлодар, "Қарағанды-3" ҮТК, "Karven" (Қырғызстан), "Масаншы жолбарыстары", "Қазаэронавигация" клубтары келе жатыр.

I-лигада жексенбілік ойындарға қарамастан, 2023 жылғы маусымының Суперлигасына екі жолдаманы "Alga Express" (Алматы, 1 орын) және "Andijan" (Өзбекстан, 2 орын) жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров