Алдыда ең жауапты финалдық тур бар

15.12.2022

16, 17, 18 желтоқсанда Астанада "ADD TABLE TENNIS CENTER ASTANA" үстел теннисінің жаңа орталығында Супер және Бірінші лигаларда Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қорытынды, финалдық турының матчтары өтеді.

Суперлига, 10 команда, турнир кестесінде алғашқы үш орынды "Қарағанды" ҮТК, "Сарқан (Жетісу облысы), "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы) иеленуде.

Бірінші лига, 10 команда, көшбасшылар қатарына "Alga Express" (Алматы), "Pro100" (Алматы), "Қарағанды-2" ҮТК кірді.

Осы мерзімде, бірақ Алматыдағы "ADD" орталығында 2-ші және 3-ші лигалардағы ең мықты, ортаншылар, аутсайдерлер анықталады.

II-ші лига, 11 команда.

1 орын «Dream Team» (Алматы)

2 орын «Мартөбе БЖСМ-12» (Шымкент)

3 орын «Сұңқар» (Шымкент).

III-лига, екі кіші топ, 24 команда.

№ 1 топ

1 орын жазғы спорт түрлері бойынша ЖСШМ (Өскемен)

2 орын ШҚО-2 (Өскемен)

3 орын Екібастұз.

№ 2 топ

1 орын "Арыстан" (Орал)

2 орын "Ақ Алтын" (Жетісай)

3 орын Тараз.


Талап Қойбағаров