Алдыда қатемен жұмыс тосып тұр

24.03.2019

Қазақстандық спортшыларсыз Маскатта (Оман Сұлтанаты) Challenge Plus сериясындағы үстел теннисінен әлемдік тур жалғасуда. Біліктіліктен кейін жарыстың негізгі торына Денис Жолудев, Анастасия Лаврова өтті, мұнда олар бельгиялық Флорент Ламбиет, жапониялық Шибат Сакиге жол берді. Интернационалдық команда Зәуреш Ақашева – Магдалена Шикорская (Польша) египеттік теннисшілер Абдел Фарах – Ел Ераку Реемді ұтты және турнирді финалдың ¼ бөлігінде аяқтады.

Кирилл Герасименко плей-оффтың негізгі торында екі кездесу өткізді. Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Бірінші матчта ол Белоруссиялық тәжірибелі ойыншы Павел Платоновты 4:2 есебімен ұтып кетті. Қиын болды, бірақ Кирилл қажетті берілісті тауып, соңында белсенді ойнады. Келесі қарсыласы Францияның жаңа чемпионы Джан Акудзу болды. Кирилл бірінші сетті сәтсіз бастады, қысқа жоғары допқа үш рет қателесті, бұл партияның жеңілісіне алып келді. Қарсылас бізді солдан солға қарай ойсырата жеңді. Жағдайды өзгерту үшін көп жүгіру және оң жақта ойнау керек болды. Жағдайды жақсарту мүмкін болды, алайда, партиялардың соңында француздың жолы болып отырды және ол беру қабылдауда, және ұзақ ұтыс ойынында мықтырақ болды. Өкінішті жеңіліс. Ертең біз Катардың ашық біріншілігіне дайындаламыз және Кирилл допты беру қабылдау кезіндегі өз-өзіне сенімсіздік жеңеді, және әрине ойынның белсенді нұсқасын табады деп үміттенемін».

Талап Қойбағаров